Павлодар облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланды

Павлодар облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жыл басынан бері аймақ жолдарында жылдамдық режимін бұзудың 100 мыңнан астам дерегі анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалыс қатысушысына байланысты. Алайда, кейбір жүргізушілер ережені сақтамай, қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін әрекеттерге барады. Павлодар облысының жолдарында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі – белгіленген жылдамдықты арттыру.

– Мәселен, Павлодар – Астана автожолында Subaru Legacy көлігінің жүргізушісі 140 км/сағ жылдамдық шегін бұзған. Оның нақты жылдамдығы 179 км/сағ болған. Құқық бұзушылық Zerek-2 автоматтандырылған бағдарламалық кешені арқылы тіркелді. Енді жүргізушіге айыппұл салынуы мүмкін, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, көлік жылдамдығы жүргізушінің немесе жолаушының асығыстығына байланысты болмауы керек. Өйткені бұл жолдағы қауіпсіздікке қауіп төндіреді.