Павлодарда үздік бейнеролик түсірген жастарды бағалы сыйлық күтеді
Өтінімдер 31 мамырға дейін қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық ішкі саясат бөлімі «Мен бұл мамандықты неге таңдадым?» тақырыбы бойынша үздік бейнеролик байқауы басталғаны туралы жариялады.
Байқаудың мақсаты – жастар арасында «Адал азамат», «Адал Азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасының идеалдарын интеграциялау.
– Конкурстық бейнероликтер таңдалған мамандық туралы қысқа әңгіме, еңбекке ынталандырған адамдар және өз мамандығының даму келешегін хабарлайтын, жоғары сапалы HD форматында қабылданады, – дейді ұйымдастырушылар.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарпен марапатталады.
Толық ақпарат инстаграм желісіндегі @kenzhekolzhastary парақшасында орналастырылған және +7 705 768 18 50 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.