Павлодарда 9 қазанда бірнеше ауданда су уақытша тоқтатылады

Павлодарда 9 қазанда бірнеше ауданда су уақытша тоқтатылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала тұрғындары мен кәсіпорын басшыларынан алдын ала ауызсуды жинап алуды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қазан күні Орталық өнеркәсіптік аймақ, 89/1 құрылыс мекенжайында «Агро-Даму» ЖШС жаңадан салынған су құбырын қайта қосу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Осыған байланысты, сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады:

  • Солтүстік өнеркәсіптік ауданы, 128, 193, 195, 197, 366, 367, 405/2, 553, 603;
  • Орталық өнеркәсіптік ауданы, 89/1, 89/2, 205/1, 866;
  • Шығыс өнеркәсіптік аймақ, 376/1а құрылыс;
  • Жаңауыл кенті, «Мұнай базасы», ҚТИЦ.