Павлодарда өткен ғасырдың басында жарық көрген кітап табылды
Көне кітап араб графикасында жарық көрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде 9 тамызы күні сағат 11:00-де шығыс ақыны Сабыр Сәйхалидің 1905 жылы Қазан қаласында араб графикасында жарық көрген көне кітабының таныстырылымы өтеді.
– «Диуани Сәйхали» атты кітапты құрастырған - Исмаил Шамсудинов. Туынды 296 беттен тұрады. Бұл кітапта діни-тарихи ұзақ жыр жазылған. Дәлірек айтқанда дүниенің жаралуынан бастап, 680 жылғы Хұсайынның Кербала шөлінде соғысып, өмірден өткенге дейінгі тарих қамтылды, – дейді музей қызметкері Абзал Рымбек.
Өлеңдер жинағының бір нұсқасы Павлодар облысында табылып отыр. Бұл кітаптың бірнеше нұсқасы Алматы облысындағы Ұлттық кітапханада сақталса, тағы бір нұсқасы Абай облысындағы Абай музейінде тұр. Сирек кітап Абайдың туған күніне орай таныстырылмақ. Жәдігерді Павлодар қаласының тұрғыны Қалипа Үкенқызы табыстайды.