«Әжем, анам және мен»: Екібастұзда отбасылық қалалық байқау өтті
«Әжем, анам және мен»: Екібастұзда отбасылық байқау өтті
Жарыс 4 кезеңнен тұрды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының №25 мектеп-гимназиясының базасында «Әжем, анам және мен» қалалық байқауы ұйымдастырылды,
Мерекелік іс-шара отбасылық құндылықтарға, әжеден анаға, анадан қызға берілетін тәрбиеге арналған.
Байқауға №18 ЖОБМ «Сырғалым», №36 ЛМ «Қызғалдақтар», №2 ЖОБМ «Бәйшешек», №11 ЖОБМ «Тұмарым», №25 ҚҚГ «Жауқазын» командалары қатысты.
Қатысушылар өз отбасыларының тарихымен таныстырып, көрермендердің назарына ұрпақтан-ұрпаққа берілетін дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ұсынды.
Байқау 4 кезеңнен тұрды: сәлемдесу, қолөнер, ұлттық ою-өрнек жасау, ұлттық рәсімді сахналау.
Сондай-ақ, сайыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды.