Павлодарда 1 қыркүйекте қай жерлерде жарық болмайды
Жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін мына мекенжайларда электр энергиясы болмайды:
- Айманов көшесі, 91 («Старый город» автобөлшектер дүкені);
- Центральная көшесі, 3 («Бірлік» балалар футбол клубы және «ALAMAN ARENA» спорт аренасы).
Сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін:
- Салтыков-Щедрин – Қамзин – Я. Геринг – Барнаульская көшелері аумағындағы жеке тұрғын үйлер;
- Московская көшесі, 44 (тігін ательесі және тері қабылдау пункті), 56 (№4 өрт сөндіру бөлімі);
- Қамзин көшесі, 9 (№3 бөбекжай-бақша), 15, 29 (шина жөндеу шеберханасы).