Павлодар облысында «Астана – Павлодар» тас жолының бір бөлігі қайта жабылды

Павлодар облысында «Астана – Павлодар» тас жолының бір бөлігі қайта жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, 20 қараша күні сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200–254 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Сонымен қатар, Ақмола облысында осы тас жолдың 16–200 шақырым аралығында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 21 қарашада сағат 9:00-де ашу жоспарланып отыр.

Тәулік бойы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан білуге болады.