Тоқаев пен Путин жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Тоқаев пен Путин жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметінен

Жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 форумының қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында мемлекет басшылары цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жоғары технологияларды дамытуға басымдық беріліп отырғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, еліміз ресейлік жоғары технологиялық компаниялардың қызметін, әсіресе киберқауіпсіздік саласындағы тәжірибесін қызығушылықпен зерделеп отыр. Сонымен қатар Қазақстанда жұмыс істейтін «Сбер» мен «Яндекс Қазақстан» компанияларының қызметіне оң бағасын берді.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайту, энергетика, өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.