Павлодарда 10 шағын сквер абаттандырылады

Павлодарда 10 шағын сквер абаттандырылады

Бүгінде оның бесеуінде жүргізілген жұмыстар аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

- Сенбі күнгі облыс орталығын аралау барысы қарқынды түрде өтті. Барған нысандарының бірі - Малайсары батыр көшесі, 12 (Қамзин көшесінің қиылысы) тұрғын үйінің бойында жаңадан салынып жатқан шағын сквер болды. Жұмыстар аяқталу сатысында және мұнда қазірдің өзінде жақын маңдағы үйлердің тұрғындары серуендеп, демалуда.Жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына жаңа шағын скверде демалу ұнайтынына көз жеткіздім, - деп жазды аймақ басшысы.

Асайын Байхановқа сол маңдағы тұрғындар бірқатар өтініш білдірген. Ол қатарда жаяу жүргіншілер жолын Катаев көшесіне дейін жалғастыру және жарықтандыру. Бұл ұсыныстар назарға алынатынын атап өтті. 

Жалпы биыл қала бойынша осындай 10 шағын сквер абаттандырылады. Қазіргі таңда олардың 5-інде жұмыстар аяқталған.

- Өткен жылы пайда болған осындай шағын скверлерді жасау - жақсы идея. Біз осындай форматтағы абаттандыру орындарын дамытуды жоспарлауды әрі қарай да жалғастыратын боламыз, - деп түйіндеді әкім жазбасын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)