Биыл Павлодарды абаттандыру бойынша қандай жұмыстар атқарылды?

Биыл Павлодарды абаттандыру бойынша қандай жұмыстар атқарылды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Хасар Хабылбеков әкімдіктің жыл басынан бері жасаған жұмыстарын қорытындылады, деп хабарлайды@Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының әкімі халықпен тұрақты кездесуді өткізді.  

– Асфальт төсеу өзекті тақырып болды, қала береді де. Біз 70 көшенің жолын жаңарттық. Кәріз желісі тартылып жатқан немесе аяқталған жерлерде де жолдар қалпына келтіріледі,– деп жазды ол өзінің жеке парақшасында. 

Оның сөзінше, биыл жаңа 37-ЖМ жылу магистралінің арқасында 400 көпқабатты үйде жылу қуаты артты. Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша кварталішілік жылу желілерін жаңарту жұмыстары жалғасуда.

– Осы жылы 110 автобус сатып алынды. Бұл жекелеген бағыттардағы жүктемені азайтып, қозғалыс аралықтарын қысқартты,– деді Хасар Хабылбеков. 

Сондай-ақ,  аулаларды абаттандыру жұмыстары да артта қалған жоқ. Қаланың 132 ауласында жаңа ойын алаңы пайда болды. Оған қоса 106 стрит воркаут алаңы, 50 көше тренажері және 20 стритбол алаңы орнатылды.

– Бұрынғы Алюминстрой шағын ауданының тұрғындары желтоқсан айының соңына дейін төрт жаңа үйге қоныстанады. Достық шағын ауданының құрылысы да жалғасуда,– деді қала әкмі.

Хасар Хабылбековтың айтуынша, халықтың тұрмысын жақсарту, қаланы дамыту жұмыстары жалғасын табуда.