Павлодарда 20 қазанда бірқатар мекенжайда электр қуаты өшіріледі

Павлодарда 20 қазанда бірқатар мекенжайда электр қуаты өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, осыған байланысты қаладағы бірқатар тұрғын үй, сауда және басқа да нысандарда электр қуаты уақытша ажыратылады.

Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін:

  • Академик Марғұлан көшесі, 113, 115;
  • Исиналиев көшесі, 24;
  • Генерал Дүйсенов көшесі, 72, 80, 86, 90, 104, 117, 119, 123;
  • Алтай көшесі, 41;
  • Литвинов көшесі, 1/3, 1/6, 14/1, 30.

Сондай-ақ Генерал Дүйсенов көшесінің Луначарский мен Естай көшелерінің арасындағы жеке тұрғын үйлерде электр қуаты ажыратылады.

Бұдан бөлек, Целинная, С. Нұрмағамбетов, Минин және Литвинов көшелерімен шектелген аумақтағы, сондай-ақ Алтай, Литвинов, Таллин және Заслонов көшелерінің арасындағы жеке тұрғын үйлер де жоспарлы жөндеу жұмыстарының тізіміне енген.

Сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін:

  • Академик Шөкин көшесі, 24, 26;
  • Академик Сәтбаев көшесі, 247, 254.