Павлодарда 3-ЖЭО қыс мезгіліне толығымен дайын
Қазақстан халық партиясының өкілдері станцияның күзгі-қысқы кезеңге дайындығын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әлімбек Ағыбаевтың айтуынша, қоғамдық мониторинг аясында өңіріміздегі станциялардың жағдайына тұрғындар қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды.
– Бүгін біз 3-ЖЭО-да болып, станцияның техникалық жағдайымен, жөндеу жұмыстарының жай-күйімен, 2025 жылға арналған жөндеу жоспарымен, табиғатты қорғау шараларымен, жұмыстағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуымен таныстық, – деді ол.
Кездесуге қатысушылар турбиналық және химиялық цехтарды, бас және термиялық басқару қалқанын аралап, инвестициялық бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан химия цехының №1 тұндырғышын қайта құру жұмыстарымен танысты.
– Станцияны тексеру және басшылықпен әңгімелесу нәтижелері бойынша біз станцияның жақсы жағдайда екеніне, жылыту маусымына толық дайын екеніне, мамандар станцияға тиісті кәсіби деңгейде қызмет көрсетіп жатқанына көз жеткіздік, – деп түйіндеді сөзін Әлімбек Ағыбаев.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» акционерлік қоғамында өткендей, инвестициялық бағдарламаны іске асыру және Павлодар ЖЭО-3 жөндеу науқаны жабдықтың тозуын тоқтатып қана қоймай, оны 57,27%-дан 56,16%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы станцияда №1, 3 қазандық агрегаттарына, №1 турбоагрегатқа, №5 қазандық агрегатына және №6 турбоагрегатына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.