Павлодар облысында су тасқынына қарсы 40-тан астам іс-шара өтеді

Павлодар облысында су тасқынына қарсы 40-тан астам іс-шара өтеді

Су тасқынының алдын алу жұмыстарына 1700 адам жұмылдырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 Бұл туралы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысында белгілі болды.

Су тасқынына қарсы 43 іс-шараның 23-і қыс-көктем кезеңіне жоспарланған.  Осы уақытта ауа температурасының күрт жоғарылауынан қар қарқынды еріп, еріген судың көлемін ұлғаюы мүмкін және ойпаң жерлерді су басуы, сондай-ақ жолдарды асып өтуі мүмкін.

 – Биылғы жылы су тасқыны жағдайын жоюға облыс бойынша күштер мен құралдардың жалпы топтамасы 1702 адам, 616 бірлік техника, 42 жүзу техникасы және 201 мотопомпаны құрайды, – деп атап өтті облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құтқарушыларға соңғы бірнеше жылдағы климаттық өзгерістердің ерекшеліктерін ескеруді ұсынды.

Фото: ашық дереккөздерден