Усолка шағын ауданында жаяу жүргіншілер көпірінің жабыны ауыстырылады

Усолка шағын ауданында жаяу жүргіншілер көпірінің жабыны ауыстырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгінгі таңда бұзылған тақтаны бөлшектеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қала әкімі Хасар Хабылбеков жұмыс сапары барысында Усолка шағын ауданындағы Ертіс өзенінің үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпіріндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

– Аталған көпір бойынша бұған дейін Усолка шағын ауданы тұрғындарынан өтініштер түскен болатын. Қазіргі уақытта қызметтер жарамсыз болып қалған террасалық тақтаны бөлшектеу жұмыстарына кірісті, – деді қала әкімі.

Бөлшектеу жұмыстары аяқталғаннан кейін көпірге тас төсеу жұмыстары жүргізіледі — бұл жаяу жүргіншілердің қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жөндеу жұмыстары 10 күн ішінде аяқталады деп көзделуде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)