Павлодарда алты автобустың қозғалысы уақытша өзгерді

Павлодарда алты автобустың қозғалысы уақытша өзгерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстарынан бір учаске жабық болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 9 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Естай көшесінің солтүстік бөлігінде Н. Назарбаев даңғылы батыс жағымен қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысы шектеледі. Н. Назарбаев бойымен, Естай көшесінің оңтүстік бөлігінде қозғалыс ашық болады. Осыған байланысты №003, 3, 11, 18, 21, 27 автобус маршруттарының қозғалыс схемаларына уақытша өзгерістер енгізілді.

№003 және 3 маршрут автобустары Естай көшесінде шығыстан батысқа қозғалғанда келесідей айналып өтеді: Н. Назарбаев даңғылы– Толстой – Нұркин – Естай көшелері арқылы. Қайта қозғалысы бағыты бекітілген сызбадай өзгертусіз қалады.

№11 және 21 маршрут автобустары Н. Назарбаев даңғылы солтүстіктен оңтүстікке қозғалғанда келесі көшелер арқылы айналып өтеді: Н. Назарбаев даңғылы – Қайырбаев – Бұқар жырау – Естай және маршруттары бойынша. 

№18 автобусы Толстой көшесінде шығыстан батысқа қозғалғанда тура жүріп, Н. Назарбаев даңғылы бойынша айналып өтпейді, одан кейін оңға Нұркин көшесіне бұрылады да, солға Естай көшесіне шығады. 

№27 маршрут автобусы Н. Назарбаев даңғылы оңтүстіктен солтүстікке қозғалғанда төмендегі көшелер арқылы айналып өтеді: Н. Назарбаев даңғылы – Толстой – Нұркин – Естай және маршрут бойынша кері жүреді. Қайта қозғалыс бағыттары бекітілген сызбадағыдай өзгертусіз қалады.