Павлодарда орталық жылу пунктінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Кейбір үйлерде ыстық су болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарские тепловые сети» ЖШС мәліметінше, 15 шілдеден бастап № 67 Орталық жылу пунктінде жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен, келесі мекенжайлардағы үйлерде ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады:
- Баймолдин көшесі, 5, 9;
- Парковая көшесі, 31.
Жөндеу жұмыстарының аяқталуы және ыстық сумен жабдықтауды қайта бастау жоспарланып отырған мерзім – 20 шілде.
Сондай-ақ, Мүткенов көшесіндегі жылу желісінде күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Осыған орай, 15 шілдеден бастап келесі мекенжайларда да ыстық су беру тоқтатылады:
- Мүткенов көшесі, 54, 56, 58, 58/1
- Вс. Иванов көшесі, 81, 81/1, 81/2
Күрделі жөндеудің аяқталуы мен сумен жабдықтаудың қалпына келтірілуі 15 тамызға дейін жоспарланып отыр.