Павлодарда мамандар дұрыс тамақтануды үйретеді
Семинар 25 ақпан мен 11 наурыз аралығында Инновациялық Еуразия университетінің қабырғасында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, семинар кез келген жастағы адам денсаулығын сақтауға және нығайтуға ықпал етіп, дұрыс тамақтануға қызығушылықты арттыруға бағытталған.
– Семинар «Адам біртұтас биологиялық жүйе ретінде», «Салауатты тамақтану салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде», «Функционалды тағам – адам ағзасын жақсарту факторы» және «Қазіргі қоғамдағы диеталық терапия ретінде аурулардың алдын алу және емдеудегі тамақтану» тақырыптарында өтеді, – делінген хабарламада.
Семинарды техника ғылымдарының кандидаты Т.А. Назаренко, техника ғылымдарының кандидаты Е.Ф. Красноперова, PhD докторы Ж.Б. Исаева, биология ғылымдарының кандидаты О.А.Хлушевская, педагогика және психология магистрі Казанцева А.И. жүргізеді.
Айта кетейік, сабақтар сенбі күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Ломов көшесі, 45 мекенжайында өтеді.
Семинарға тегін қатысу үшін 23 ақпанға дейін WhatsApp арқылы +77054439489 тіркелу қажет.