Павлодарда арулар мерекесіне арналған салтанатты кеш өтеді
Мерекелік кеште әуезді әндер орындалып, ерекше тосынсый күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Құрметті арулар! Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты концерттік бағдарламамызға шақырамыз, – делінген хабарламада.
Мерекелік шара 8 наурыз күні сағат 12:00-де филармонияның концерт залында өтеді.