Павлодарда аулалардағы спорт алаңдары жөнделді

Павлодарда аулалардағы спорт алаңдары жөнделді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қаладағы бірнеше нысанда жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда спорт инфрақұрылымы нысандарын күтіп ұстау және жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары анықталған ақауларды жойып, аумақтарды санитарлық тазалаудан өткізіп, спорт алаңдарының элементтерін қалпына келтіруде. Бұл тұрғындар үшін алаңдардың қауіпсіз әрі жайлы болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

21 шілде күні қаланың бірнеше нысанында бірқатар жұмыс атқарылды. Амангелді көшесі, 19 мекенжайындағы шағын футбол алаңында қоршау торы жөнделіп, аумақ қоқыстан тазартылды. Бектұров көшесі, 15 мекенжайындағы хоккей кортында қоршау тақтайлары қалпына келтірілді. Сонымен қатар, Бектұров көшесі, 75 мекенжайындағы турник алаңы тазартылып, Ладожская көшесі, 3 мекенжайында қоршауға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мұндай жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұл спорт нысандарын жарамды күйде ұстап тұруға, олардың пайдалану мерзімін ұзартуға және спортпен шұғылдану мен белсенді демалыс үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Аулалардағы спорт алаңдарын күтіп ұстау мәселесі қалалық қызметтердің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Сонымен қатар, қалада спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда: жаңа шағын футбол алаңдары, воркаут және стритбол алаңдары орнатылып жатыр.

Спорт және балалар алаңдарына тұрақты күтім жасау олардың талапқа сай жағдайда сақталуына, аула кеңістіктерінің балалар, жастар және белсенді өмір салтын ұстанатын барлық тұрғындар үшін тартымды болуына ықпал етеді.