Павлодарда автобус аялдама павильонына соғылды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 маусым күні сағат 08.00 шамасында Ак. Сәтбаев көшесінде «Анкай» маркалы автобус жүргізушісі аялдама павильонын қағып кетті.
– Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалды, – деді департаментте.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінде келтірілген шығын көлемін есептеп, мәліметтер Павлодар қаласының полиция басқармасына кінәлі адамға қатысты шаралар қабылдау үшін жіберілді.