Павлодар облысында револьвер иесі жазаланды
Суық қару облыста тіркеуде болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Май ауданы ауылдарының бірінде ауыл тұрғынынан белгіленбеген револьвер қаруы тәркіленді. Қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзу фактісі анықталды.
– Май ауданында ұсталған тәртіп бұзушы Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол Павлодар облысына көшкен кезде Май ауданының полиция бөлімінде жаңа тұрғылықты жері бойынша суық қаруды есепке қоймаған. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабының 1-тармағындағы заңды бұзғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – дейді департаментте.
Дәл осындай жағдай облыс орталығында орын алды. Сол күні рейд барысында полиция қызметкерлері қала тұрғынынан кесілген екі ұңғылы оқпанды мылтықты тәркіледі.
Аталмыш екі жағдай бойынша сараптама тағайындалды.