Павлодарда көпмиллиондық дау бейбіт жолмен шешілді

Павлодарда көпмиллиондық дау бейбіт жолмен шешілді
Фото: Константин Шелков

Тараптар іскерлік қатынастарды сақтауды жөн көрді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қалалық соты Қ-ның А-ға тоғыз миллион теңге қарызды, сондай-ақ үш миллионнан астам тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық істі қарады.

– Іс материалдары бойынша А. ЖШС өкілі ретінде талапкерден жоғарыда көрсетілген соманы қарызға алды. Қолма-қол ақшаны беру фактісі қолхатпен расталады. Судьялардың қатысуымен азаматтық істі қарағаннан кейін тараптар өзара тиімді шарттарға келе отырып, медиативтік келісім жасасты, – деп түсіндірді соттың баспасөз қызметінде.

Медиативтік келісім бойынша жауапкер 2024 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін 5,5 миллион теңге мөлшеріндегі қарызды бөліп төлеуге міндеттенді.

Азаматтық-құқықтық кодекстің 278-бабының талаптарына сәйкес талапкерге мемлекеттік баж қайтарылды. Осылайша тараптар дауды бейбітшілікпен аяқтады.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді. Сонымен қатар, бір мезгілде талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жойылды.