Павлодар облысында жүргізуші мен жолаушы ауруханаға түсті

Павлодар облысында жүргізуші мен жолаушы  ауруханаға түсті
Фото: Константин Шелков

Жол-көлік оқиғасы Қызылорда - Павлодар автожолының 1258 шақырымында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 ақпан Chevrolet Сobalt автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі ілеспе бағытта жүріп келе жатқан тіркемесі бар МАЗ 54329 автокөлігімен соқтығысқан.

– Салдарынан Chevrolet жүргізушісі мен 20 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, – дейді департаментте. 

Автокөліктер мамандандырылған тұраққа қойылды. Аталған  фактіге қатысты тексеріс жүргізіледі, қажетті сараптамалар тағайындалды.