Ертіс ауданында әйеліне ашуланған ер адам мас күйде көлік жүргізген

Ертіс ауданында әйеліне ашуланған ер адам мас күйде көлік жүргізген

Көлік жүргізушісі 7 жылға көлікті басқару құқығынан айрылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ертіс ауданының Қызылжар ауылында полицейлер  өте баяу жүріп күдік тудырған «Ауди-80» маркалы көлігін тоқтатқан.

Медициналық куәландырудың қорытындысы азаматтың ауыр дәрежелі алкогольдік мас күйде болғанын көрсетті.

- Жүргізуші әйелімен жанжалдан кейін ішімдік ішіп, содан кейін серуенге шыққанын түсіндірді. 57 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотта қаралды, - деді Павлодар облысы Ертіс ауданының полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.

Айта кетейік, аудандық сот жүргізушіні 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.