Павлодарда екі трансформаторлық қосалқы станция жанды

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 сәуірде сағат 20:02-де кезекші қызметтің пультіне «Әкімшілік қалашық» ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Өрт сөндірушілер шақыру орнына келгенде жалпы ауданы 80 шаршы метр екі трансформаторлық қосалқы станциясы жанғаны анықталды. ТЖД бөлімшелерінің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының нәтижесінде өрт сағат 21:17-де жойылды.
Оқиға орнына 11 адамнан тұратын ТЖД күштері мен құралдары және төрт техника тартылды. Сондай-ақ, апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмылдырылды.
Сондай-ақ өрт сөндірушілер Бектұров көшесіндегі екі қабатты ғимараттың шатырын шарпыған өртті сөндірді.
Хабарлама сағат 19.56-да түскен. Дереу оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті сағат 20.51-де толығымен жойды және оттың таралуына жол бермеді. Тілсіз жау 40 шаршы метр алаңда тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.