Павлодарда бір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Павлодарда бір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 26 мамыр күні Генерал Дүйсенов көшесінің бір бөлігінде автокөлік қозғалысы уақытша жабылады.

– Қозғалыс сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Лермонтов көшесінен Олжабай батыр көшесіне дейінгі аралықта шектеледі. Тұрғындар мен қала қонақтарына бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды, – делінген хабарламада.

Мамандар уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.