Павлодарда балалар ауладағы жасанды шөпке от қойды
Өртті көрген көршілер полицияға қоңырау шалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 сәуір күні сағат 20.07-де балалар Павлов көшесінде ауладағы алаңда жасанды шөпті өртеп жатқаны туралы шақыру түскен.
– Шақыруға келген полиция қызметкерлері 8-12 жас аралығындағы кәмелетке толмаған балалар ойнап, сіріңке қорабын өртеп жібергенін анықтады. Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу және отпен ойнамау туралы профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізілді, – деп хабарлады Павлодар қаласы полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімі, ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Әсия Әлкеева.
Павлодар қаласының полициясы балалардан сіріңкелерді, тұрмыстық химикаттарды және басқа да қауіпті заттарды алыс қоюға, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға, балалардың бос уақытын қалай өткізетініне және оларды не қызықтыратынына назар аударуға кеңес береді.