Ертіс ауданында қараусыз жайылған мал иесі жазаланды (ВИДЕО)
Учаскелік полиция инспекторы малдың иесін анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ертіс ауданының полиция бөлімі күнделікті негізде қараусыз мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту және малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасының жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.
– 24 наурызда Ақтайлақ және Бескепе ауылдарының арасындағы Ленин – Русская Поляна автожолында 15 бас жылқы иесіз жайылып жүрді. Ағашорын ауылының 39 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 1-бөлігінің 408-бабы бойынша 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ мұндай бұзушылықтардың алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді, – деді Ертіс ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.
Айта кету керек, өткен кезеңде Ертіс ауданындағы арнайы қараусыз малдарға арналған айып тұрағына 138 иесіз мал қамалды.