Павлодарда колония бастығы бас бостандығынан айырылды
Сотталушы тағылған айыпты толықтай мойындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сотталушы Павлодардағы қауіпсіздігі ең төменгі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бастығы қызметін атқарған. Ол өткен жылдың қаңтар айында сотталушыдан пара ретінде кеңсе креслосын алған.
- Бір айдан кейін ол жалпы қамқорлығы үшін басқа жазасын өтеушідерден 3 млн теңге көлемінде пара алған, - деді Павлодар қаласының №2 сотында.
Бұрынғы колония бастығы сотта өз кінәсін мойындап, қатаң жазаламауын сұрады.
Оның асырауында кәмелет жасына толмаған төрт жас баланың бары ескере отырып, оған үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.