Павлодарда бес елдің іздестірушілері форумда басын қосты
Шара ИнЕУ-де өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodanews.kz тілшісі.
«Майдан жолы» іздестіру жасағы IV Халықаралық іздестіру форумын ұйымдастырып отыр. Биылғы форум Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды және оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Молдова елдерінен келген іздестірушілер, әскери тарихшылар, архивтанушылар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысуда.
«Майдан жолы» іздестіру жасағының командирі Александр Шитов жыл бойы жүргізілген жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, отряд биыл екі ірі экспедицияға қатысқан.
– Бірінші экспедиция – Беларусь аумағында, 1941 жылғы қанды ұрыстар өткен жерде жүргізілген. Жергілікті архивтер мен далалық зерттеулер арқылы хабар-ошарсыз кеткен жауынгердің жерленген орны анықталып, оның туған-туыстарының өтініші бойынша Павлодарға туған топырағы әкелінді. Ал екінші экспедиция Қиыр Шығыста – Камчатка, Куриль жотасы және Шумшу аралында өтті. Іздестірушілер әлі күнге дейін жер астында жатқан сарбаздардың сүйектерін, соғыс жабдықтарының бөлшектерін тауып, Павлодардағы Әскери Даңқ музейіне тапсыру үшін арнайы экспонаттар жинадық, – деді ол.
Форум барысында қатысушылар іздестіру жұмыстарының жаңа әдістемелерін талқылап, Ұлы Отан соғысында хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің тағдырын анықтау, архивтік деректермен жұмыс, экспедицияларды ұйымдастыру сынды мәселелерді ортаға салды.
Қатысушылар үшін бірден үш көрме ұйымдастырылды. «Вернисаж Победы» – Мәскеуден жеткізілген көркемөнер туындылары, әскери техника мен авиацияның макеттері – Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі танкілер, ұшақтар мен аэромодельдер және де нумизматика көрмесі 1930-1944 жылдардағы кеңестік ақша купюралары, ордендер, медальдар және өзге де тарихи жәдігерлер қойылған.
Форумға ресейлік делегация атынан Координациялық кеңес мүшесі, Сібір федералдық округінің кураторы Галина Буймова қатысты. Ол халықаралық іздестіру қозғалысының маңызын атап өтті.
– Ресми түрде «Поисковое движения Россия» 2013 жылдан бері жұмыс істесе де, іздестіру қызметінің тарихы Ұлы Отан соғысы аяқталған сәттен басталады. Соғыс аяқтала салысымен жергілікті тұрғындар өз бетімен жауынгерлерді қайта жерлеуге, медальондарын ашып, командирлік пункттерге хабарлауға кіріскен.
Бүгінде Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және басқа да ТМД елдерінің іздестірушілері бірлескен экспедициялар өткізеді.
Галина Буймованың айтуынша, соңғы 10 жылда олар, 220 мыңнан астам қызыл әскердің сүйегі көтерілген және оның ішінде шамамен 12 мың жауынгердің аты-жөні анықталған. Әрбір жүз көтерілген жауынгердің тек 1/3 бөлінгінің дерегі табылады.
Форумның ең әсерлі сәттерінің бірі – «Возвращение» және «Память» жобалары аясындағы «Жерді табыстау» рәсімі болды.
«Майдан жолы» іздестіру тобына жақында Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгер Джайбосенов Рахманның немересі атасының жерленген орнын анықтап, сол жерден бір уыс топырақ жеткізіп беру жөнінде өтініш білдірді.
Іздестірушілер бұл аманатты орындап, форум барысында осы топырақ жауынгердің немересі Ақылзада Кенжебаева салтанатты түрде табысталды.