Павлодарда бірқатар тұрғын үйлер уақытша суық судан ажыратылады

Павлодарда бірқатар тұрғын үйлер уақытша суық судан ажыратылады

Оған су құбырындағы жөндеу жұмыстары себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы тұрғын-үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, судан ажырату 27 ақпан күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін болады.

- Осы күні Малайсары Батыр көшесіндегі су құбырындағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай тұрғын үйлерде уақытша сумен жабдықтау болмайды, - делінген хабарламада.  

Тіршілік көзі мына мекен-жайларда болмайды:

- Елгин көшесі, 46/1, 47;

- Красноярская көшесі, 50;

- Ростовская көшесі, 50, 52.

Сонымен қатар, Қамзин көшесінен Комсомольская көшесіне дейін Малайсары Батыр көшесі бойынша жеке тұрғын үйлерде судан ажыратылады.

Су қысымының төмендеуі: «Телецентр» ауданы Малайсары Батыр көшесі, 9/1, 9/2, 9/6

Қамзин көшесі, 35, 37, 37/1 болады.