Павлодарда еліміздің жасөспірімдері биатлоннан республикалық турнирде бәйгеге түседі

Павлодарда еліміздің жасөспірімдері биатлоннан республикалық турнирде бәйгеге түседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Еліміздің жеті өңірінен әртүрлі командалар келіп қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық биатлон тобы өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, қаламызда 2009-2013 жылдар арасында туған жасөспірімдер арасында «Grand tour biathlon» атты биатлоннан Қазақстан Республикасының Кубогы өткізіледі.

19 ақпан мен 23 ақпан аралығында «Ертіс» Усолка шаңғы базасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең мықты жас биатлоншылар жеңіс тұғырына таласады.

Айтулы додаға Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Алматы облыстарының командалары қатысады.

Біздің спорттық іс-шарамыздың атмосферасын қолдауға және жас спортшыларымызға демеу көрсетуге келіңіздер, – дейді ұйымдастырушылар.

Өтетін орны: Усолка көшесі, 2А.