Павлодарлық оқушылар ағаштан, тастан, саздан түрлі мүсіндер жасады

Байқау оқушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, балалар көркемсурет мектебінің ұйымдастыруымен «Алтын қазына» республикалық көрме-байқауының қалалық турына Ш. Шөкин атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Ж. Тәшенев атындағы,№ 39, 6, 32, 35, 40, 33, 2, Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебі, Павлодар қаласының «Жалын» балалар-жасөспірімдер клубының 5-9-сынып оқушыларының 87 жұмысы ұсынылды.
– Қатысушылар байқаудың барлық номинацияларында өздерінің дағдылары мен эстетикалық талғамдарын көрсетті, – дейді Қазақстан Республикасы өнер академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, қазылар алқасының төрағасы Ерсайын Тақырбасов. – Мектептерде балаларға сәндік-қолданбалы өнердің дәстүрлі түрлеріне деген сүйіспеншілік оятылғаны қуантады.
Байқау қорытындысы бойынша 21 қатысушы дипломант атанды, І дәрежелі – 7, ІІ дәрежелі – 7, ІІІ дәрежелі – 7, «Шеберлік» номинациясын бір оқушы алды.
Оқушылар «Натюрморт» панносының сәндік жұмыстарын киізден аппликация техникасында, ағаштан «Бесік», металды өңдеу техникасында «Тышқан, көбелек, скорпион», ағаштан «Өнерлі отбасы және тың игеру», киізге моншақ тігу және киіз басу техникасында «Аксессуарлар жинағы», киізден «Ұлттық аспаптар» папье-машетехникасында, киізден жасалған «Киіз үй» техникасында жұмыстарын дайындады.
Сонымен қатар киізден «Сәукеле», киіз басу техникасымен «Менің әлемім Қазақстан», батиктен «Биші қыз» қуыршағын, қағаздан «Көктем мешіті» дизайнын, қағаздан «Алдар көсе», сүйектен «Дала еркіндігі» панносын,тоқыма бұйымдарынан «Халықтар достығы» панелін, «Шолпы топтамасы» зергерлік бұйымдар топтамасын, бисермен кесте тігу техникасында бас киім дайындады.