Павлодарда кейбір тұрғын үйлерде жарық болмайды

Павлодарда кейбір тұрғын үйлерде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қорғалатын аумақта ағаштарды кесу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қазан күні 9:00-ден 12:00-ге дейін Малайсары батыр – Пятигорская – С. Щедрин – Ресей көшелері алаңындағы жеке тұрғын үйлер жарықсыз қалады.

Сонымен қатар, 9:00 – 17:00 аралығында келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • М. Жүсіп көшесі, 20 – «Discovery Coffee» кафесі, 20/1 – «A.S.K.Med», 20/2 – «Ока» сервистік-өндірістік бірлестік, 24 – Nomad Barbershop;
  • Желтоқсан көшесі, 7/1;
  • Ак. Бектұров көшесі, 75 – «Мадияр» азық-түлік дүкені; 
  • Қайырбаев көшесі, 72/1 – «Cherry» азық-түлік дүкені.