Павлодарда мереке күндері электр энергиясын төлеу пункттері қалай жұмыс істейді

Төлемдерді Kaspi, Halyk және kassa24 арқылы онлайн жүргізуге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке және демалыс күндеріне байланысты сервистік орталықтар мен төлем қабылдау пункттерінің жұмыс тәртібі өзгерді.
5 шілде, сенбі күні Павлодар қаласындағы Кривенко көшесі, 27, Ломов көшесі, 160 мекенжайларындағы бөлімшелер сағат 9:00-ден 14:15-ке дейін, ал Ак. Сәтбаев көшесі, 101 мекенжайындағы бөлімше 9:00-ден 13:45-ке дейін жұмыс істейді.
Ақсу қаласында Вокзал көшесі, 11 және Камзин көшесі, 33 мекенжайларындағы бөлімшелер де 9:00-ден 14:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
6 және 7 шілде күндері барлық бөлімшелер жұмыс істемейді.
Мамандар төлемдерді Kaspi.kz және Halyk Bank мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ kassa24 төлем терминалдары арқылы онлайн жүргізуге кеңес береді. Жеке кәсіпкерлер компания қызметтері үшін төлемді Kaspi.kz және Kaspi Pay мобильді қосымшалары арқылы деректемелер бойынша жүзеге асыра алады.