Павлодарда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңке өтеді

Оған аудандардан тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық «109» қызметінің мәліметінше, 17 мамырда Торговая көшесі, 2А құрылысы, яғни Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Жәрмеңкеге Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.
Сиыр етінің бір келісі – 1700-2300 теңге, жылқы еті – 2300-2500 теңге, қой еті – 1900-2100 теңге, шошқа еті – 1800-2000 теңге, бал – 2000-2500 теңге, картоп – 110 теңге, сәбіз – 80 теңге, бірінші категориялы жұмыртқа – 490 теңге, бір литр шикі сүт 200 теңгеден тиімді бағамен тауар сатып алуға болады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Saryarqa» фермерлік базары, сондай-ақ, облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.