Павлодар облысында 27 шілдеде жаңбыр жауады

Павлодар облысында 27 шілдеде жаңбыр жауады

Найзағай күркіреп, бұршақ жауады деп күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Қазгидрометтің мәліметінше, 27 шілде күні облыстың көп бөлігінде найзағай күркіреп, жаңбыр жауатын болады. Күндіз сынап бағанасы +23...+28 °C көрсетеді. Жел облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с соғады деп күтілуде.

Павлодар қаласында да жауын-шашын болады деп болжамдануда. Көшпелі бұлтты ауа райы , өткінші жаңбыр құйып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз +26...+28 °C –ты көрсететін болады.

Фото: Константин Шелков