Павлодарда Ленин кенті ресми түрде Атамекен болып өзгертілді
Бірлескен қаулы заңды күшіне енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, «Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 4 бірлескен қаулысы және Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 105/8 шешімімен Ленин кенті Атамекен болып қайта аталды.
Еске сала кетейік, Ленин кентін қайта атау туралы сұрақ былтырдан бастап көтерілген болатын. Тұрғындар кенттің атауын Атамекен деп ауыстыруды сұраған болатын. Өткен жылы облыстық мәслихаттың VIII кезектен тыс сессиясында бірқатар елді мекендердің атауларын қайта атау мәселесі қарастырылды, оның ішінде Ленин кенті де болды. Облыстық мәслихат елді мекендердің атауын бірауыздан қолдады.