Павлодарда «Қайырымдылық» мерекесі атап өтілді

Павлодарда «Қайырымдылық» мерекесі атап өтілді
Фото: Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі

«Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қаланың ішкі саясат бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 наурыз күні «№1 арнайы кешен балабақша-мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушілері «Арнайы қызметтерге мұқтаж балаларды қолдаудың өңірлік орталығы» КММ-ге достық сапармен барды. 

Бұл күні Қазақстан тұрғындары Қайырымдылық мерекесін атап өтуде, – делінген хабарламада.

Балалар көршілерін «Шашу» дәстүрімен қарсы алып, мерекеге орай ізгі тілектерімен алмасып, балаларға мерекелік концерт сыйлады. Мұндай іс-шаралар тату көршілік қарым-қатынасты нығайтады және балалардың жүрегінде мейірімділікті ұялатады.