Павлодарда мас жүргізуші көлік тізгінінде ұсталды

Павлодарда мас жүргізуші көлік тізгінінде ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда Едіге би көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері күмәнді әрекет көрсеткен Lada Priora автокөлігін тоқтатты.

Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

– Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Жиналған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деді қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов.

Полиция тұрғындарды мас күйінде көлік басқармауға және мұндай деректер анықталған жағдайда 102 арнасына хабарлауға шақырды.