Павлодар облысында кезекті «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы басталды
2010 жылы іске қосылған бұл игі дәстүр «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткізілетін жыл сайынғы «Баланы мектепке даярлайық!» акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, жетімдер мен әлеуметтік осал топтардың тәрбиеленушілеріне жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу.
– Оқу құралдарын, кеңсе тауарларын немесе қолма-қол ақшаны беріп көмек көмектесуге болады. Барлық жиналған заттар мен қаражат мұқтаж балаларға бағытталады, – деді партия мүшелері. – Бұл ретте, нақты көмек көрсетіп қана қоймай, аз қамтылған отбасылардың проблемаларына жұртшылықтың назарын аударып, қайырымдылықты насихаттап, жастарда басқа адамдарға көмектесуге деген ұмтылысты тәрбиелеуге қадам жасалуда.
Акцияға кез келген адам қатыса алады. Дәстүрлі түрде акцияға партия қызметкерлері, БПҰ мүшелері, депутаттар мен белсенділер қатысада.
Дәстүрлі іс-шара 12-30 тамыз аралығында өтеді. Биыл 15-ші мәрте ұйымдастырылғалы отырған акция барысында 45 мыңнан астам баланы жаңа оқу жылына даярлау жоспарлануда.
Акцияны ұйымдастырушылары облыстық «AMANAT» партиясының мүшелерін, бастауыш партия ұйымдарын, өңірдің қоғамдық ұйымдары мен бизнес-құрылымдарының өкілдерін акцияға белсенді қатысуға шақырады.