Павлодарда мектеп спорт алаңы ашылды
Республика күніне орай № 24 мектепте спорт алаңының ашылуы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Нысанның күрделі жөндеуіне облыстық бюджеттен 259 445 000 теңге бөлінген. Жөндеуді «Азамат құрылыс» ЖШС жүргізді.
Спорт алаңы көлемі 30х60 метр футбол алаңынан тұрады, бұл – 1800 шаршы метр. Баскетбол алаңы – 510 шаршы метр, волейбол-теннис алаңы – 669 шаршы метр, жүгіру жолы – 108 метр. Сондай-ақ секіру шұңқыры, тренажерлер мен турниктерден тұратын алаңдар бар.
– Сіздерді Республика күнімен күнімен құттықтаймын. Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз көп болсын! Елінің абыройын асқақтатын патриоттары болып, алға қойған мақсаттарға жете беріңіздер! – деді ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.
Шараға Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әсет Әбілтаев, «Азамат құрылыс» ЖШС өкілі Роман Евсеев, облыстың еркін күрестен КСРО-ның бірінші спорт шебері, республикалық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы, КазССР республикалық санатының төрешісі, облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының алқа мүшесі, Павлодар қаласы спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Амантай Аймағамбетов қатысты.
Спорт алаңында мектеп оқушылары футбол, волейбол, баскетбол бойынша өздерінің спорттық дағдыларын көрсетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram