Павлодарда заңсыз такси жүргізушісі ұсталды

Облыс аумағында 16 маусымнан бастап «Нелегал-2025» жедел алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше екі күн ішінде 62 құқық бұзушылық анықталған. Оның 45-і — шетел азаматтары Қазақстанда тұрақтау ережелерін бұзса, 17-сі — еліміздің азаматтары. Тексеру барысында екі шетелдік азаматтың заңсыз такси жүргізушілері болып жұмыс істегені анықталып, үш азаматты соттың үкімі бойынша елдеріне қайтарды.
– Павлодар қаласында полиция қызметкерлері «Chevrolet» маркалы көлігімен такси қызметін заңсыз жүзеге асырған шетелдік азаматты ұстады. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, іс материалдары сотқа жолданды, – деді полиция департаментінде.
Айта кету керек, көші-қон заңнамасын бұзып, шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа алғаны үшін жұмыс берушіге де қатысты әкімшілік іс қозғалды. «Нелегал-2025» жедел профилактикалық іс-шарасы 20 маусымға дейін жалғасады.
Ислам Достов