Павлодарда мерекелік жәрмеңке өтеді

Павлодарда мерекелік жәрмеңке өтеді
Фото:pixabay.com/voltamax

Төрт ауданның тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, сенбіде Торговая көшесі, 2А құрылысы Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысында Наурыз мейрамына орайластырылған ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда

Жәрмеңкеге Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары және облыс орталығының тауар өндірушілері қатысады.

Сиыр етінің бір келісі – 1700-2300 теңге, жылқы еті – 2300-2500 теңге, қой еті – 1900-2100 теңге, шошқа еті – 1800-2000 теңге, бал – 2000-2500 теңге, картоп – 110 теңге, сәбіз – 80 теңге, бірінші категориялы жұмыртқа – 490 теңге, бір литр шикі сүт 200 теңгеден тиімді бағамен тауар сатып алуға болады.