26 наурызда Павлодар облысында күн ашық болады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -8...-13°С, күндіз 0…+5°C болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жауын-шашын күтілмейді.
Павлодарда сынап бағанасы түнде -8...-10°C, күндіз +2...+4°C көрсетеді. Бұлтты, жауын-шашынсыз болады.