Екібастұз оқушыларына интеллектті дамытатын ойын үйретілді

Екібастұз оқушыларына интеллектті дамытатын ойын үйретілді
Фото: Игорь Тимошенко

Оқу орны «Шахмат – білімде» пилоттық жобасына қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз №11 ЖОББМ оқушыларымен ашық сабақты шахматшы Ермек Балтабаев өткізді.

– Қазақстан шахмат федерациясының бұл жобасы өткен жылдың жазында басталды, – деді №11 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, шахмат жаттықтырушысы Самат Мамираймов. – Оған жеті өңір, 42 облыстық және қалалық мектеп, біздің облыстан Павлодар, Ақсу және Екібастұз қаласының оқушылары қатысады. Әр мектепте эксперименттік сынып анықталды. Шахмат туралы білмеген балалар ойын ережелерін игерді. Шахмат – корольдік стратегиялық ойын. Ол интеллектті дамытады, математиканы жақсы меңгеруге ықпал етеді.

ҚР шахмат федерациясы болашақта аталмыш жобаны еліміздің барлық орта мектептерінде енгізуді жоспарлап отыр. Самат Мамираймов шахмат – бұл бала мен ересек адам ақ-қара алаңда адал және ашық күресуге болатын барлық жастағы адамдар мойынсұнатын ерекше кедергісіз ойын деп санайды.