Павлодарда Н.Назарбаев даңғылындағы қосалқы жол жабылады

Павлодарда Н.Назарбаев даңғылындағы қосалқы жол жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, шектеу 8 маусымнан бастап енгізіледі. Қозғалыс Толстой көшесінен Академик Шөкин көшесіне дейінгі аралықтағы «қалта» жолында тоқтатылады.

Сонымен қатар Н.Назарбаев даңғылының негізгі бөлігінде көлік қозғалысы бұрынғы режимде жалғасады.

Уақытша өзгерістер қоғамдық көлік қозғалысына да әсер етеді. Автобус бағыттары Н.Назарбаев даңғылының батыс жағындағы қосалқы жолға кірмей, даңғылдың негізгі жолымен тікелей қатынайтын болады. Тұрғындарға жол бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды.