Павлодарда қайда су болмайды?
Айманов көшесіндегі өрт гидранттарын қосу және ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған байланысты 3 ақпан күні сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін бірнеше мекенжай бойынша су беру уақытша тоқтатылады.
Шектеулер Айманов көшесіндегі №4, 5, 6 (№79 балабақша), 9, 10, 11, 12, 13 (№4 балабақша), 19, 20, 21, 37 (№35 ЖОББМ), 47/1 және 51 (№16 ЖОББМ) мекенжайларын қамтиды.
Мамандар тұрғындардан қажетті су қорын алдын ала жинап алуды сұрайды.