Павлодар облысына парламентшілер келеді
Сапар бағдарламасы екі күнге созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
29-30 наурыз аралығында облысқа жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары келеді.
29 наурыз күні сенаторлар облыстық мәслихат депутаттарымен кездеседі. Осыдан кейін елордалық қонақтар облыстық әкімдіктің ахуалдық орталығында орнатылған е-әкімдік жүйесімен таныстырылады.
Сондай-ақ, бірінші күн бағдарламасына «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-не бару, Мойылды ауылы бойынша шолу экскурсиясы, №38 жалпы орта білім беретін мектебінің акт залында ауылдық округтің жергілікті қоғамдастығымен кездесу кіреді. Сенаторлар мойылдықтармен төртінші деңгейдегі бюджетті талқылайды.
30 наурызда сенаторлар Ақсу ауылдық аймағының Достық ауылдық округінің Пограничник ауылына барады. Мұнда жергілікті қоғамдастықпен кездесу өтіп, бюджет талқыланады.
Екібастұзда елордалық қонақтар жылу магистралі, магистральдық құбыр құрылысының барысымен, жылу-электр орталығының жұмысымен таныстырылады.