Павлодар өңіріндегі күрежолдар жабылды

Павлодар өңіріндегі күрежолдар жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райы күрт төмендеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қаңтар сағат 19:00-де республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Шектеу қойылған бағыттардың тізіміне келесі жол учаскелері енді: 

  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)» автожолының 426-587 шақырым аралығы (Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ ө/п)» автожолының 200–415 шақырым аралығы (Атамекен ауылынан Ақмола шекарасына дейін);
  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті ауылына дейін);
  • «Қарағанды-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолының 0-231 шақырым аралығы(Қарағанды облысы шекарасынан Қалқаман ауылына дейін);
  • «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» автожолының 0-220 шақырым аралығы (Атамекен ауылынан Абай облысының шекарасына дейін); 
  • «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы (Амангелді ө/п)» автожолының 0-263,78 шақырым аралығы (Атамекен ауылынан РФ шекарасына дейін); 
  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе ө/п)» автожолының 191-390 шақырым аралығы (Мичурин ауылынан РФ шекарасына дейін); 
  • «Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы (Шарбақты ө/п )» автожолының 0–112 шақырым аралығы (Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін); 
  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ ө/п)» автожолының 0-152 шақырым аралығы (Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін).

Жолдарды 17 қаңтар сағат 9:00-де ашу жоспарланып отыр. 

Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы жедел мәлімет алуға болады.